Сен барсың – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Сен барсың» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1593
Өлеңімнің арасында сен барсың,
Жүрегімнің жарасында сен барсың.
Айдалада өшіп қалған көліктей,
Көңілімнің даласында сен барсың.

Маңдайымның әжімінде сен барсың,
Әсем әннің нәзігінде сен барсың.
Кешегімде, бүгінімде сен барсың,
Ертеңімде, қазірімде сен барсың.

Қиялдансам қиялымда сен барсың,
Үй ішінде, үй алдында сен барсың.
Түсімде де құшақтасып жатамын,
Сүйісуде, ұялуда сен барсың.

Арманымның орманында сен барсың,
Ең бақытты болғанымда сен барсың.
Енді жүрер жолдарымда сен барсың,
Өлең жазған қолдарымда сен барсың.

Табиғатта, атырапта сен барсың,
Қаңтар, шілде, ақырапта сен барсың,
Ішкен суым, жұтқан демім,
Жастанар,
Қабірімдегі топырақта сен барсың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері