Егінші мен ақылгөй
Бір Егінші көкткем жұмсап мол күшін,
Жерін жыртып, ешбір тыным көрмеді:
Ыждаһатты ер болатын ол кісі,
Әрі мықты, оңды еді;
Қияр түбін бірнеше рет өңдеді.
Есікпе-есік бірге тұрған көршісі
Құр сөзбенен бау-бақшаға құмар жан,
Табиғаттың досымын деп санайтын.
Ақылгөй-тін тым арзан,
Егін жайлы ептеп кітап қарайтын.
Ақыры ол да іске асырып қиялды,
Екпек болды қиярды.
Күлді, бірақ, көршісіне мысқылмен:
«Көршім, текке терлейсің;
Еңбегіммен ерлейтін
Нағыз мықтың, күштің мен.
Қанша тырбан сен мейлі,
Бақшаң өнім бермейді.
Таңданамын, шынын айтсам дәл баса,
Көрмей тұрмын еккеніңнің өнгенін.
Жарар еді кедейленіп қалмасаң,
Құр білімсіз еткен еңбек далбаса».
«Оқымай-ақ, – деді Егінші, – сенгенім:
Қолым таппас тынымын,
Міне, менің ғылымым,
Содан маған Құдайымның бергені».
«Ой, надан-ай, қарсымысың ғылымға?»
«Жоқ, сүйіктім, бір іс тапсам жүйелі,
Ұялмай-ақ шынында,
Үйренер ем үнемі».
«Көрерсің сен жетер болсаң жазға аман».
«Бірақ, мырза, іс қылсаңшы аздаған.
Мен жер жыртып, біраз еңбек еткенде,
Сен отырсың тектен-тек».
Бірақ та, мен бос кезімде түгелдей
Оқыдым,
Көңілге тоқыдым,
Қайсысы жөн: соқа ма әлде түрен бе?
Әлі күн бар! Қашпайды».
«Сені қайдам, бізді уақыт тоспайды», –
Деп Егінші егістікке аттанды,
Күрек алған күйінде;
Ал, Ақылгөй үйінде
Кітаптарды ақтарды.
Дәлел іздеп тіректі,
Әурелікпен күн өтті.
Жия алмады есін бір;
Бір түбірді сәл өнген
Оқып шыққан дәлелмен
Қайта қазып, көшірді,
Жаңа әдіс деп шатылып;
Немен тынды ақыры?
Егіншінің бітік шығып егіні,
Көтерілді көңілі.
Ал, Ақылгөй әлгі
Қиярсыз қалды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі