Өлеңде атыңды атап жазбасын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өлеңде атыңды атап жазбасын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1378
Өлеңде атыңды атап жазбасын,
Айтасың анда-санда аз ғана сын:
«Жатады өзге ақындар өліп-талып,
Сен неге салқынсың?» – деп назданасың.
Шындықты мен несіне жасырамын?
Өзіңсің өмірдегі асыл әнім.
Қасыңнан кейде алыстап кеткенімде,
Құс болып жеткенімше асығамын.
Өзіңмен көңілімді көл деп білем,
Тұрамын сенсіз жерде шөлдеп кілең.
Шалқытқан шалқар шаттық шабытымды,
Өзегі өлеңімнің сен деп білем.
Әрине, ашып айтпай бәрін мұның,
Ішімде бүгіп келем, жарым-гүлім.
Емес пе дарқан көңіл сенің арқаң,
Бұрқырап шығып жатса жалын жырым?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері