Солдат сағынышы – Табылды Досымов

Бұл бетте «Солдат сағынышы» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5718
Табиғат беріп қойған күз хабарын,
Мен сені күзден дағы қызғанамын.
Әйтсе де сезбейсің-ау өзіңді ойлап,
Бұлқынып жүрегімнің сыздағанын.

Жағалап сайран-көлдің сыз кемерін,
Сезіп ем күз келерін, күз келерін.
Қайыңдар дір етеді қыз денелі,
Көңілдің таба алмаймын іздегенің.

Жүректі алып ұшқан самғай әнім,
Сені ойлап сағыныштан сарғаямын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері