Жалғыздық – Табылды Досымов

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 7598
Жалықтым. Жабықтым. Жаңа ұқтым,
Еңсемді езеді тамұқ-түн.
Сығалап қарадым мен оған,
Терезесінен табыттың.

Алқымнан алады кендір-мұң,
Көңілімді көрге де көндірдім.
Шаршаған шылымымның шоғын,
Қарашығыма сөндірдім.

Лақаттан лақтырдым бөркімді,
Тәнімді жаным жеп өлтірді.
Жардағы сүгірет үні кеп,
Күлкімді менің келтірді.

Сезімім құламай сенделіп,
Қиялым барады жерге еніп.
Қараңғы тып-тымық бөлмеде,
Жарқырап шам тұр тербеліп...
...Біреу келсе екен!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері