Шекарадағы күз – Табылды Досымов

Бұл бетте «Шекарадағы күз» атты Табылды Досымов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3036
Жапырақтар...,
Желге ұшқан жапырақтар,
Сағынышты солдаттың хатын ап бар.
Мәрт табиғат білдіріп күз келгенін,
Жер бетіне жіберіп жатыр ақпар.
Жауады жапырақтар...

Жасыл бақты, жайқалған даладағы,
Сұрсыз әлем келеді тонағалы.
Күздің қоңыр белгісін шекарадан,
Өткізбеуге солдаттың жоқ амалы.

Толғатады дүние, толғатады,
Мұңға толы неліктен солдат әні?!
Табиғаттың киіп ап сұр шинелін,
Бір қоңыр күз келеді Жерге тағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері