Өлең, жыр, ақындар

Мирон

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1142
Болды бір бай Мирон деген есімді.
Атамадым мен оны керек етіп өлеңге.
Айып емес қалмаса есте егерде.
Жаппай шулап көршілері көсілді,
Болмаса да тіпті дұрыс бұлары.
Сандығында миллион теңге бар десті,
Көк тиын да бермейді екен жанға ешбір.
Жақсы тұрмыс, жақсы атақтан кім әрі?
Өсек кеміп, жету үшін даңққа,
Сөз таратты ол халыққа:
Сенбі сайын жарлыларға ас бермек,
Кім келсе де, төр ұсынып қастерлеп,
Есік ашық енетін.
Ойламаңдар деп шығынға батпай ма?
Қорықпаңдар, сараң да тез тапты айла:
Сенбі сайын босатты кіл қабаған төбетін.
Кедей біткен тоймақ түгіл тамаққа,
Тым-тырақай қашып берді алақтап.
Миронды жұрт шын әулие санаған,
Деді бәрі: «Миронға шаң қонбасын,
Өкінішті – иттері тым қабаған.
Анық ондай болмасың,
Аямайды ол, бөліп ішер соңғы асын».
* * *
Жиі көрем мұндайды:
Үлкен үйге кіре алмай, кілең сыртта қаласың;
Ал, Мирондар итке жауып жаласын,
Өздері опа қылмайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиялдағы ару

  • 0
  • 0

Көзім түсіп көктемнің киігіне,
Оранамын махаббат күйігіне.
Аңсауменен келемін сол аруды,
Жеткен кім бар арманның биігіне?

Толық

Болат

  • 0
  • 0

Сынған қылыш жатты бір
Араласып темірге,
Біреу оны сатты бір
Шаруаға тегінге.

Толық

Туған жер толғауы

  • 0
  • 0

Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас,
Қайтадан бір қарайыншы анықтап.

Толық

Қарап көріңіз