Өлең, жыр, ақындар

Қысқы кеш

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 5315
(Пушкиннен)

Қара боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай.
Кейде ұлыған аң сияқты,
Кейде жылайды баладай.
Төбесінен үйдің тозған
Сыбдырлайды саломы,
Жолаушыдай кешеу қалған
Терезені қағады,
Біздің лашық тозған қаяу,
Күңгірт, әлі көңілсіз;
Терезеде кәрі әжем-ау,
Неге отырсың түк үнсіз.
Әлде боран сыңсуымен
Достым қажып біттің бе,
Әлде үйірілген ұршығыңның
Зырымен қалғып кеттің бе?
Кел ішелік, ізгі досым
Қайран жастық шақтығы,
Кел ішелік, шер тарқасын
Шалқып жүрек шаттығы.
Ән шырқашы, тұрған құстай
Теңіздің арғы бетінде,
Ән шырқашы сұлу қыздай
Суға барған ертеңі.
Қара боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай,
Кейде ұлыған аң сияқты
Кейде жылайды баладай.
Кел ішелік, ізгі досым,
Қайран жастық шақтағы,
Кел ішелік, шер тарқасын,
Шалқыр жүрек шаттығы, кімді кім?
Қыран ұшпас зәулімдей
Туып, өрбіп өстік біз,
Темір үзіп тепкіміз,
Тебінсек тасты тестік біз!
Төңкерісшіл майданда
Дұшпан торын кестік біз!
«Кімді кім?» жеңу майданын
Социализм таңының
Пайдасына шештік біз!

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің сырым

  • 0
  • 0

Біреуге өмірімде
Қас қылып көрген емен,
Жанжалға тегі мүлде
Бас сұғып көрген емен.

Толық

Нарын көріністерін есіңе алсаң

  • 0
  • 0

Топырағын туған жеріңнің
Көрмей көп жыл, сен бір күн
Есіңе алсаң: өзіңнің
Елестеп дос,

Толық

О, тоба!

  • 0
  • 0

Кей дүмше бар, ақынға тісін қайрар,
О, тоба! –болсайшы өз күшін де ойлар!
Өзі өлеңді түсінбей, ақынға өлең
Үйретпекші болады осындайлар...

Толық

Қарап көріңіз