Арыстанбап құдіреті – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Арыстанбап құдіреті» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1619
Қаңбақтай қара шал барып,
Арыстанбаптың алдына.
Кемсеңдей жылап, жалбарып,
Дұғасын оқып алды да:
«Жалбарынам жалғыз хақ,
Сайрамда бар сансыз бап,
Түркістанда түмен бап,
Ең үлкені-Арыстан баб,
Сізге қылдым мінәжат,
Ауырып жатқан баламды,
Аяққа тұрғыз саламат.

Жетімге тиді көмегім,
Асымды адал жеп едім,
Тауқымет қанша көрсем де,
Ауыр болды демедім.
Тоқсаннан асқан жасым бар,
Ағарып кеткен шашым бар,
Алдыңа, баба, кеп едім.
Ауырып жатқан баламды,
Қолтығынан демегін.
Мен кәрінің соңы едім,
Бұйрықты күні өлемін,
Пірлердің пірі өзіңсің,
Бір керек боп тұр көмегің».
Алдына барып бабаның,
«Аман қыл» деп қарағын.
Қайыстай қатқан қара шал,
Қалаға басты қадамын.

Келді де ауруханаға,
Баласын сүйді: «Қарағым,
Дұға-тілекпен толтырдым,
Даланың барлық тарабын,
Шарапаты бір тиер деп,
Арыстанбабтай бабаның».

Мейірімді ата көкірек ,
Мың тілек тілеп жетіп ед,
Арыстанбабтың аруағы,
Баласын емдеп кетіп ед...

«Алла деп белді буайын,
Ауруды бойдан қуайын.
Аластап ауру тәнімді,
Ащы терменен жуайын.
Бас иіп саған құдайым,
Басыма саулық сұрайын.
Аруақты бабам, медет бер,
Аз күнде аунап тұрайын».
Ендіріп Алла шырайын,
Күбірлеп айтып Құдайын,
Орнынан тұрды баласы,
Баптардың күшін қарашы,
Сиқырлы емге толып тұр,
Сыры көп қазақ даласы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арыстанбап құдіреті өлеңінің авторы кім?

Мылтықбай Ерімбетов — осы өлеңнің авторы.

Арыстанбап құдіреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арыстанбап құдіреті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мылтықбай Ерімбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арыстанбап құдіреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері