Цемент – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «Цемент» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

С.Сейтжановқа

Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын,
"Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын,
Топтасуға жаны ғашық,
Үгілгеннің бағын ашып,
Тек тұтастық мүддесінен самғайтын
Құрылысқа арзан әрі тиімді,
Теңге ететін, қоңды ететін тиынды
Жаңа цемент ойлап таптың, жас ғалым,
Құрмет көргей құмға жазған дастанын.
Азаматтық санамыздан ғылым озса, не етерміз?
Аман тұрсақ, әлі талай жаңалыққа жетерміз.
Бірақ мынау ұлтымызды жауырыны құрысқан,
Бірлік емес, байлық үшін жұлысқан,
Бас басына би болуға тырысқан,
Қалай, қайтіп біріктірер екенбіз,
Қалай, қайтіп кіріктірер екенбіз?
Рухсыз бен ұлтсыздың бағы жанған заманда
Басымды ием, дәл осы іске цемент тапқан адамға!


Пікірлер (1)

Сабина

Өте күшті мен ертең бұл өлеңді қазақ әдебиеті сабағында айтамын көп рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Цемент өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

Цемент өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Цемент өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтар Шаханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Цемент өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері