Шығыс дұғасы
Бұл бетте «Шығыс дұғасы» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ей, мұсылман желдер,
Сендер,
Бір хабарын беріңдер оның,
Ей, мұсылман көлдер,
Көркем жүзін көріңдер оның,
Момын өзендер,
Су бетіндегі бейнесін сақтап,
Момын кезеңдер,
Жан дүниесіндегі аппақ,
Махаббатын қорып,
Махаббатын қорып,
Махаббатын қорып,
Ей, әлемдік Жүрек,
Ей, қастерлі Жарық,
Ей, киелі Түнек,
Ей, ғасырлық Мұңдар,
Ей, Іңкәрлік әппақ,
Ей, мұсылман Шыңдар,
Ей, мұсылман Соқпақ,
Жеткізіңдер Маған!
Жеткізіңдер бүгін,
Өпкізіңдер маған,
Маңдайының нұрын!
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі