Ұзатылмаған қыз – Ерлан Жүніс

Бұл бетте «Ұзатылмаған қыз» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 0
  • 5494
Ұзатпады оны. Ұзамады үйден.
Үйі де әрі қашықтау.
...Бір жігіт болды-ау, сірә да сүйген,
Сол жігіт болды-ау жасықтау...
Қарай да қарай айна да ескірді,
Жек көрді, мүмкін, айнаны,
Айлы түндерде ол ойлады ешкімді,
Ешкім де оны ойлады...
Жылай да жылай жастық сарғайды,
Жастық та дұшпан - әр тайса.
...Жігіт пен қызда достық болмайды,
Болады, бәлкім, қартайса...
Тарай да тарай тарақ кетілді,
Кетілген шығар төзімі,
...Ұзақ сақталған шарап секілді,
Ұзатылмаған қыздың сезімі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері