Археология

Бұл бетте «Археология» атты Әбіш Кекілбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 0
  • 6535
Жер үстінде қызыл төмпек құм қалды,
Талай шөптің қыршып кетті тамырын,
Археолог қырнап-жонып жылдарды,
Ғасырлардың аршып жатыр қабығын.
Қасапшыдай қос білегін сыбанып,
Қолда пышақ жалақ-жалақ етеді.
Жердің төсін көптен жапқан құлазып,
Ту биенің сүбесіндей кеседі.
Археолог таңдайын көп қағады,
Қасапшыдай қалың майға сүңгіген,
Қызыл оба - қызылы жоқ жабағы,
Жауыз жылдар бауыздаған сүңгімен.
Қызыл оба - қызылы жоқ жабағы,
Жауыз жылдар жайратыпты сүңгімен.
Археолог, аялдашы шамалы,
Бұл күннің де ет-жүрегін үңгімей.
Археолог - күрең білек қасапшы,
Ғасырлардың ішек-қарынын ақтарды.
Жер астынан тауып тат-тат масақты,
Сүртіп жатыр ұшындағы жас қанды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Археология өлеңінің авторы кім?

Әбіш Кекілбаев — осы өлеңнің авторы.

Археология өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Археология өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбіш Кекілбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Археология өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері