Арғымақ – Әбіш Кекілбаев

Бұл бетте «Арғымақ» атты Әбіш Кекілбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 1
  • 10795
Қыпшақтардың ой-хой, құба жондары-ай,
Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!
Шар айнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр
Көк шалғынға-көк кілемге
Сүртіп мүйіз үлтанын.
Берші менің тақымыма біреуін,
Жеті қиян жер түбіне асайын.
Арғымақтай аласұрған жүрегім
Шапшып-ақ тұр,
Оны қалай басамын.
Атылайын арғымақтың жалына,
Соңымда тек сақ-сақ күліп дос қалсын.
Балғын шалғын айналып көк жалынға
Нөкер болып артымда ақ шаң топтансын.
Шаппай тұлпар кісінеме атпын деп,
Шабайықшы шаң қоңдырмай етіне.
Шабайықшы көп жыл тыныш жаттың деп.
Момын қырдың былш-былш ұрып бетіне.


Пікірлер (1)

Гулбану

“Арғымақ” Олжас Сүлеменовтікі ғой

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арғымақ өлеңінің авторы кім?

Әбіш Кекілбаев — осы өлеңнің авторы.

Арғымақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арғымақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбіш Кекілбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арғымақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері