Өмір, шіркін, маған сонша өшіктің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өмір, шіркін, маған сонша өшіктің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 996
Өмір, шіркін, маған сонша өшіктің,
Қырларыңды, сырларыңды кеш ұқтым.
Жас баладай мен талпынсам, биікке,
Сен сұстанып дейсің дәйім: «кешіктің».
Жоқ, қалмаспын аяңдамай желермін.
Сайыс құрсаң, мен бәйгеңнен келермін.
Бел бермеспін мен де саған алыспай,
Жеткенінше жасырынып сөнер күн.

10.10.1959 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері