Маған қарап тұрдың да – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Маған қарап тұрдың да» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 885
Маған қарап тұрдың да,
Оның жырын мақтадың.
«Тобықтан бәлем ұрдым ба?!.»
Дегенді ішке сақтадың.
Қаталаспа, қақтықпа
Досымнан менің жау іздеп.
Өзімшіл, күншіл аптықпа
Табылмас менен жауыз кеп.
Сен айтқан даңққа бас ұрман,
Іздемен атақ тақытын.
Қауымда өстім жасымнан
Қызықтап адам бақытын.

1960 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері