Тасаттық

Бұл бетте «Тасаттық» атты Әлібек Шегебай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2419
Діңгегің де, тілің менен ділің де,
Барлығы да оралады түбінде.
Құндылықтың құнары бар өйткені
Қазағымның дәстүрі мен дінінде.
Кейде бізге секілденіп бәрі аңыз,
Қабылдауға қорқатындай санамыз.
Таңбаланған таным менен сенімнен
Тым алыстап кеткен сынды арамыз.
Басымызға орнағанша Азаттық,
(Құдайсызға құлшылық та жасаптық).
Құрғақшылық тастағанда құрығын
Құрбан шалып, береді екен Тасаттық.
Жаңбыр тілеп қолын жайса дүйім жұрт,
Төгеді екен нөсерлетіп сыйын бұлт.
Жұмыр жердің болғанымен жұмбағы,
Жұдырықтай жүректе екен – қиындық.
Көнбейтұғын көңілге де, көлемге,
Сыймайтұғын сөз өнері – өлеңге.
Аңыздары ақиқатпен астасқан
Тасаттықтың тарихы да тереңде.
Көз тоймайтын көркемдікке тұнған бай,
Сұлулықты салтанатпен құрғандай.
Алла менен адамзаттың арасын
Құрбандық пен Құран жалғап тұрғандай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тасаттық өлеңінің авторы кім?

Әлібек Шегебай — осы өлеңнің авторы.

Тасаттық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тасаттық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлібек Шегебай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тасаттық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері