Мен сені сүйіп өтем – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Мен сені сүйіп өтем» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5831
Өмір үшін үміт пен арман керек,
Сенім болса жұмаққа бақсы апарар.
Кейде ұрсып, кей кезде қалған жебеп,
Кешіріңдер әз аға, жақсы апалар.
Қиял керек, ол деген сағым емес,
Қиялдармен кейде адам жасарады.
Ал махаббат ол менің бағым емес.
Қасқа жүрек өлеңді тасалады.
Өлең мені қинап ап, дем береді,
Өлеңнен-ау сонда өлмей қалғаным да,
Менің бүкіл бейнемді ел көреді,
Бергенімді көбірек, алғанымды.
Сақтап қала алмадым сезімімді,
Кешір мені, жан әке, нақылы көп.
Алматының осы сәт көзі ілінді,
Бақырайған жұлдыздар ақылы жоқ.
Кешір мені, анашым, жинасам ғой,
Әр жасыңды, өзімді қамшылаймын.
Күз келгенде көңілсіз қинаса ой,
Жаңбыр жыр боп, мен сұлу тамшыдаймын.
Ақбас таулар, теңіздер жол ашады,
Сары далам сырыңды жиып өтем.
Шақырады мені алға болашағым,
Жалған өмір, мен сені сүйіп өтем!
* * *
Самалға сауда жараспас,
Қытықтайды жел тегін.
Қинайды тағдыр қараспас,
Өлеңді өрген тентегін.
Үмітім елес біткені,
Үмітсіз қайда бармақпын?
Жаман жолмен жеткені,
Төбемнен түскен қармақтың.
Тәңірдің жоқтай көздері,
Жазықсыз өртке шарпылдым.
Алдауға жұлдыз төзбеді,
Жарқ етіп сөнді, шарқ ұрдым.
Әлемнің беті қалың ба,
Ұялмай тірлік жалғады.
Тек өзім түстім жалынға.
Ол қара басын қамдады.
Сүйдім де, сол-ақ шарт сындым,
Сұп-суық оның жанары.
Қуатсыз бүркіт қарт сынды,
Бүгілдім, сәтсіз сонары.
Табиғат қылып ашықтық,
Жаңбыр ғып нұрын, қар етіп,
Тек азаптайды ғашықтық,
Сүйікті жанға зар етіп.
Ай туса далам сүмбілсің,
Сәуледен сарқыт тергенде.
Өкінер ме едім, кім білсін?
Сүймейтін жүрек бергенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сені сүйіп өтем өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Мен сені сүйіп өтем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сені сүйіп өтем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сені сүйіп өтем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері