Өзімді ешкімнен кем санамаймын – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өзімді ешкімнен кем санамаймын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзімді ешкімнен кем санамаймын,
Бар жанды өзіме тең бағалаймын.
Бірдейміз бәріміз де Алла алдында,
Бірдейді бөліп қалай алалаймын.
Пенденнің жұмыр басты бәрі адам,
Демегін анау жақсы, анау жаман.
Ол сендей, сен де ондай бола алмайсың,
Әр адам сыры терең тылсым ғалам.
Жер ортақ, ауа ортақ, ортақ су да,
Тау ортақ, тас та ортақ орман ну да.
Ешкімнің мүлкі емес бұл дүние,
Алланың қалауы бұл бәрі тура.
Егемін деп елірме, белің бума
Еге болсаң жарадың қолдағы туға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері