Әділеттің жолында
Бұл бетте «Әділеттің жолында» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Әділет» деп,
Әділеттің жолында,
Семсерлерін сермегендер сорлайды.
Түптің-түбі әділетті көксеген,
Адамдарды қара халық қолдайды.
Жаратушы қорғайды.
Әділетке
Қарсы шыққан сұмырай,
О, жалғанда, бұ жалғанда оңбайды.
Бұ жалғанда абыройдан айырылса,
О, жалғанның тозағында,
От оранып боздайды.
Біле тұра осыны,
Әділдікті аяқ асты еткендер,
Жалған сөйлеп,
Жанын жалдап жемтігіне жеткендер.
Қарға-құзғын секілді,
Өлексені қарумен,
Қу құлқынға құл болып,
Қарабет боп өткендер.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі