Ақылды адам бақытты – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ақылды адам бақытты» атты Жарылқасын Аманұлы жазған бақыт туралы өлең берілген.

Ақылды адам бақытты деген Құран-Кәрімде,
Ашу – араз, ақыл – дос, ақылға кел бәрің де.
Жаманшылық біреуге ойлар болсаң Алланың,
Ұшырайсың құтқармас қаһарына, кәріне.
Адам деген ардақты ат, арыңа дақ жұқтырма,
«Жарлық, билік қолда» деп, әлсіздерді бұқтырма.
Ер қорласаң тыштырар, ас қорласаң құстырар,
«Ұлық болсаң, кішік бол» деген сөзді ұқтың ба?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері