Өн бойымның өлең бе әлде киесі?

Бұл бетте «Өн бойымның өлең бе әлде киесі?» атты Толқын Қабылша жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1211
Өн бойымның өлең бе әлде киесі?
Мен еместей.
Мына жанның иесі.
Жұдырықтай жүрегімен алысқан.
Періште емес.
Пері де емес күй осы.
Бір тылсым бар,
Ыршып мына кеудемнен.
Байыз таппай,
секунд сайын сенделген.
Бір құдірет құлазытып жанымды,
Бір құдірет әлек оны емдеумен.
Бір ұшқын кеп,
Ізгілейді тәнімді.
Бір ғажайып бағатындай хәлімді.
Мың сан күйді бір мезетте сүрем мен,
Бір мезетте,
Сағынамын бәріңді.
Өзімді-өзім
Оңашада тергеумен.
Жанның дертін,
жүрмін бе әлде емдеумен?
Ғұмыр осы,
Киесі оның бір өлең.
Жер мен Көктің арасында сенделген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өн бойымның өлең бе әлде киесі? өлеңінің авторы кім?

Толқын Қабылша — осы өлеңнің авторы.

Өн бойымның өлең бе әлде киесі? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өн бойымның өлең бе әлде киесі? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өн бойымның өлең бе әлде киесі? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері