Пессимизм – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «Пессимизм» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 1
  • 3072
Пенде болсаң – болмайсың шерден кенде,
Шер сарқылар, таусылар жерге енгенде.
Қу дүние шырмаса шырмауықтай
Өтер бүкіл ғұмырың сергелдеңде.
Адам – тағдыр қожасы деген бекер,
Тағдырыңа қожа бар сенен бетер.
Тау мен тасқа ұрасың бақыр басты,
Одан саған түк те жоқ келер-кетер.
Осы жолмен жүрмеді неше пенде,
Көнпіс болмай, көгермес көсегең де.
Әуел баста барлығы бір бұйрықпен
Жазулы тұр пенделік пешенеңде.
Жанталаспа озам деп елден қалай,
Сендей сорлы өмірге келген талай.
Қияметін фәнидің көрген сайын
Қиналмайтын боласың өлгенде оңай.


Пікірлер (1)

Agazhai ????

Маған бұл өлең үлкен көмек берді
Рахмет (айтқандарыңызға)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пессимизм өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Пессимизм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пессимизм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пессимизм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері