Өлең, жыр, ақындар

Орман

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2107
Сыңсиды, сыңсиды ну орман,
Ну орман – баяғы ну орман.
Кей бұта тым кештеу көгеріп,
Кей бұта тым ерте қуарған.
Ну орман… әндетіп күні-түн
Тербейді өзінің үмітін.
Сыңсиды, сыңсиды қара орман,
Төсінде тұр тұнып бар арман.
Бұл орман – кәрі ғой,
Шаштары болмаса да ағарған.
Жапырақ – көк ала, сары ала
Қалтылдап аулаққа бара ма!
Ну орман – кәдімгі бір орман,
Мыңдаған бұтақтан құралған.
Мың бұтақ тілінде сөйлейді
Бір орман.
Кейде орман сылайды бойын жәй,
Ойлары тұрғанда қойылмай.
Сол орман рухын етеді құс мазақ,
Сабырлы адамның ұшқалақ ойындай.
Басында бар қиял, бар талап
Орман тұр алды – көл, арты – алап;
Мәз боп тұр көктемді көтеріп,
Көкжиекті арқалап.
Ну орман тұр сыңсып. Күн айық,
Жел есті желпініп, тыңайып.
Бұл орман – орман боп жырлайды,
Орман боп мұңайып.
Әр бұтақ өзінше – бір кеуде
Қақы жоқ кірлеуге, күлмеуге.
Орманға шынымен еліктеп көрер ем,
Біреулер күлмей ме?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем әсерінен (1 басылым)

  • 0
  • 0

Уылжып тұр, күмілжіп тұр бар маңай –
Көктем деген осы екен ғой… арман-ай!
Гүл төсіне қонақтаған көп бояу
Көз шіркінді қояр емес арбамай.

Толық

Қағаз тірлік

  • 0
  • 0

Жер хақында сыр күттік Айдан әлі;
Тыныштық деп газеттер майдалады.
Қағаз-бомба бұрқ етіп жүр жарылып,
жүріп жатқан сықылды майдан әлі.

Толық

Қызыл түс

  • 0
  • 0

Жырың қызыл ғой десе,
жауап әзір, таза арым:
қызыл тілім сөйлесе,
қызыл қанмен жазамын.

Толық