О, туған жер, өз деміңді бір алған – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «О, туған жер, өз деміңді бір алған» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3198
О, туған жер, өз деміңді бір алған
Сеземін мен таңғы сұрғылт мұнардан.
Бір басылып, бір шыққандай, көкірегің
Шоқалдар мен бұталардан құралған.

Алатаудан аққан мынау өзеннен
Бір үніңді, арыныңды сезем мен.
Көкжиекке аунап кеткен түндермен
Аунап кеткен қасіретіңді білгем мен,
О, туған жер.

Аппақ қарда кара қиқым жатыр шаң,
Ол да сенің ойларыңның тозаңы.
Бір жүйріктен бір жүйрігің озады,
Соны көріп менің де арқам қозады,
О, туған жер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері