Бір мұңыма ұласады бір мұңым
Бұл бетте «Бір мұңыма ұласады бір мұңым» атты Қуаныш Оспан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(ҮІ)
Бір мұңыма ұласады бір мұңым,
Күйін кешіп жүрген жанмын жындының.
Сезім деген оп-оңай-ақ болса ғой,
Көрсететін киносындай үндінің.
Сан қиындық көрседағы жолында,
Мәз-майрам боп қосылатын соңында.
Кинодағы бақытты ғой ғашықтар,
Армандары - режисердің қолында.
Сені сүйіп, ғашық болып қалғаным,
(Аңсауменен таңды таңға жалғадым).
Әттең біздің тағдырымыз лента емес,
Лауһылында жазулы тұр Алланың.
Бұл өмірдің шеңберінен шығайын,
Періштем-ау, басқа мендік уайым.
Шексіздікте табысамыз сеземін...
...Солай деші, ей, режисер - Құдайым!
05.06.16
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі