Бұл бетте «Шіркін өлең!.. Күркіреген толқындар» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған поэзия туралы өлең берілген.
Шіркін өлең!.. Күркіреген толқындар,
Осынша үнді барады өзен қайда алып?
Мұнда қандай құдірет бар мен тыңдар,
Көрсем бе екен ойланып?
Селк-селк еткен секілденді дөң үсті,
Тентек толқын төбелесті, өлісті...
Акырында бәрі бірге ағуға
Келісті.
Өйткені олар барады екен бәрі алға –
Алға жүру керек еді маған да.
Мен ойланып тұрғанымда шет қалып
Көп толқындар кетті ағып...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі