Тауға қарай келемін, тауға қарай (1 басылым) – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Тауға қарай келемін, тауға қарай (1 басылым)» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1683
Тауға қарай келемін, тауға қарай,
Дария-самал алдымнан аңқып ақты.
Тауға қарай беремін, тауға қарай,
Күндерім де алдағы тау сияқты.
Алқынады қос өкпем, ысып демім,
Ұят болды, қол-аяқ ісінгенің.
Бұл сырыңды, табиғат, түсінбедім,
Мен сенің түсінбейтін кісің бе едім!
Мен келем бе, жаным-ау, тау келе ме, –
Көңілім бір сәт қобалжиды әлденеге.
Бір алдайсың, сағым боп бұраңдайсың,
Жеткізбесең, ей шыңдар, әурелеме.
Келем, келем өзімнің ішімде мен,
Мен оттымын деп келем бұ шілдеден...
...Биікті аңсар ылғи да адам жанын
Шыңдар, шыңдар, сен қашан түсінген ең?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері