Сенің, туған жер, деміңді бір алған
Бұл бетте «Сенің, туған жер, деміңді бір алған» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған туған жер туралы өлең берілген.
Сенің, туған жер, деміңді бір алған
сеземін мен таңғы самал, мұнардан.
Бір басылып, бір шыққандай, көкірегің
шоқалдар мен төбелерден құралған.
Алатаудан аңқып аққан өзеннен
дарының мен арыныңды сезем мен.
Көкжиекке аунап кеткен түндермен
аунап кеткен қасіретіңді білем мен.
О, туған жер!
Аппақ қарда кара қиқым жатыр шаң –
қиқым ой мен қырсық пиғыл тозаңы.
Бір жүйріктен бір жүйрігің озады,
соны көріп менің де арқам қозады.
О, туған жер!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі