Ағыңды менің Ақсуым
Бұл бетте «Ағыңды менің Ақсуым» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағыңды менің Ақсуым,
Ақырып әлі ағасың,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды асқар сабасын.
Тас тарпуын, шапшуын,
Қарасаң қайран қаласың,
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын.
Тұнжыраған торғын түн,
Төндім сұлу суына.
Таңырқап тау-тас тамсанып,
Жымиды жұлдыз мұңыма.
Сүмиген сүңгі сұрша тал,
Шомылды таудың суына.
Таймандаған тайпақ ай,
Желегі ме, туы ма?
Шүйке шарбы бұлтты
Қалқалай қалды қылмия.
Аспанды, ай алтын құшағы,
Қусыра қайың құшады.
Қарамай қайың, қалайша
Қаужиған құшсын бұтаны?
Қайың мен сәуле сүйіссін,
Сүймегенді нысабы:
Итмұрыны меңіреп,
Қудырлап қоңыз ұшады.
Бауырлаған ағынның,
Сумаңдап суы сылдырайд;
Қудиған қоңыр құрақтың
Саусағы суда судырайд;
Суға төнген бір шыбық
Дірілдейд, суда сырылдайд;
Оған қонған бір шымшық
Шиқ-шиқ етед, шырылдайд...
оте жаксы айтылган
оте жаксы
Анам тілі өлені жоқ
Анам тілі өлеңі
Өте жақсы
Өте керемет жазылған
Өте керемет жазылған
Маған қатты ұнады. Өте керемет шыққан.Толық әлі керемет
өте керемет
Ағыңды менің Ақсуым - керемт өлең
Керемет
Жақсы Өте Жақсы
Ілияс атамның әр өлеңі өзі сияқты керемет. Өзі ақылды, инабатты, қайратты кісі. Өлеңі де солай.
Күшті екен