Сауал мен жауап

Бұл бетте «Сауал мен жауап» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1278
Қайнай ма қаның,
Жан – жақтан қаптап,
Жаныңды жесе сауалдар,
Сабырдан басқа,
Сынаптай сынақ,
Сауалға қандай амал бар?
Тұнықты лайлап,
Тіршілік алға
Тартады талай сұрақтар,
Шырмауық уақыт,
Шырқатпай еркін,
Сүрінген жоқ па пырақтар?
Күнәлі болып,
Қалуың оңай
Жасамай ешбір жамандық,
Өкпелеп қалып,
Күйелей салу
Күйкілер үшін – мамандық.
Не деген шексіз,
Бітпейтін өңкей
Қайшылық еді, апырмай...
Құдайға сен де,
Жүре бер алға,
Басыңды онша қатырмай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері