Бұл бетте «Игілік» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
04.05.2020
0
0
1330
Шынар ағаш шыңға құмар,
Сыршыл ақын сынға жылар,
Міншіл адам күншіл келер,
Мұңшыл адам құмға құлар,
Пәле қуған түп – түбінде,
Қара басын жерге тығар,
Бағы тайса ер жігіттің,
Сары майға тісі сынар,
Кәміл иман, кемел ақыл,
Игілікке алып шығар!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі