Тамшылар – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Тамшылар» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3075
Тереземнің түбінде,
Тырсылдайды тамшылар,
Бізге қиял – ғажайып,
Табиғатқа заң шығар.
Бұлтқа айналып ұшқан бу,
Жел қай жақтан қуды екен?
Алақанға қонған нұр
Қай мұхиттың суы екен?
Қалқып келген әуеден,
Әлде әдемі ән бе екен?
Осы тамшы қолыма
Қалай ғана қонды екен?!
Қалқиды бу бас құрап,
Бұлт боп көкте тізіліп,
Тырс етеді бір сәтте,
Бір тамшы боп үзіліп.
Құдіретке бас идім,
Ғаламға нұр таратқан,
Дәмін көр деп мұхиттың,
Жіберді ме жаратқан?
Татып көрсең тәп-тәтті,
Дәміне дәм жетер ме?
Тазарар ма тамшыдай,
Жан да көкке кетерде?
Тамшы, көздің жасындай,
Мөлдір едің сен неткен,
Осы тамшы құрайды
Жаңбырды да селдеткен.
Тамған судан нәр алып,
Жер де көктеп жайнайды,
Қосылғанда көп тамшы
Найзағай да ойнайды.
Қалқып түскен сол тамшы,
Қайта ұшады бу болып,
Қосылған соң мұхитқа,
Шалқиды айдын су болып.
Тама,тама оятар,
Ойын түртіп адамның...
Мөлдіреген тамшыдай,
Бөлшегіміз ғаламның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамшылар өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Тамшылар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамшылар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамшылар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар