Жоғалған білім – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Жоғалған білім» атты Баянғали Әлімжанов жазған білім туралы өлең берілген.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1299
Білгендер кетіп,
Қаншама білім жоғалған,
Аңызақ – уақыт...
Ақыл-ой кені тоналған,
Бір кезде жұрттың
Бәріне мәлім нәрселер,
Жаңалық болып,
Бір күні қайта оралған.
Тоқтаусыз тарих,
Кейде асау, кейде жай ағыс,
Даналық ойлар,
Адамға жарық, таяныш,
Жоғалған уақыт,
Жоғалған бақыт сияқты,
Жоғалған білім,
Тағдыры қандай...
Аяныш...
Асудан биік,
Біліммен ғана асады ер,
Жоғалған білім,
Оралар тағы,
Тосады ел...
Бір түйір болсын,
Тапқаның болса, қайтып бер,
Бір тамшы болсын,
Айдынға қайта қоса гөр!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері