Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін

Бұл бетте «Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1315
Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін,
Бұйығы белге салған көз қиығын,
Өзегі өртенумен өте берген,
Ілгенше иығына бөз киімін,
Құйындай құтырынған уақыт ұйтқып,
Бездірген жеті жұрттың жез киігін,
Таскеуде төбедегі қағып қойып,
Мысқылы ұялаған кермиығын,
Жиыны аузын буып, көзін жұмып,
Ұйымның өткізетін без бұйрығын,
Тиымын тиынымен бірге үйіріп
Тартқызған өзектіге сөз күйігін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар