Ізгілік шуағы – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Ізгілік шуағы» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1694
Көп жақсылық көрдім мен адамдардан,
Талқысында тағдырдың тарамдалған,
Түсінбеймін түңілгіш күйгелекті,
Оңды-солды өзгені жамандаған,
Адамдарды сынаған даналар да,
Адамнан артық байлық таба алмаған!
Көп жақсылық көрдім мен ұлы елімнен,
Сүрінгенде сүйеді білегімен,
Тірлігіме тіреу боп қисайғанда,
Күйінгенде күш берді жүрегімен.
Аман-есен өттім мен от пен судан,
Құдай,
Аруақ,
Елімнің тілеуімен!
Өмір – сабақ, игеріп жүз ғылымын,
Кешіп жүрміз жемісті күзді бүгін,
Игіліктер көңілді марқайтады,
Иісіндей аңқыған түз гүлінің,
Жанымның жырыменен қайтарайын,
Адамдардың шуақты ізгілігін!
Сөзімді елге арнадым, сізге арнадым,
Ізінен жаңылмадым ізгі арнаның,
Дүрілдеп дабысына білікті ердің,
Шабысын жүйріктердің қызғанбадым,
Жырладым аңызы мен аңызағын,
Даланың жусаны мен қызғалдағын,
Тамырын жерден үзіп, желге мініп,
Көкжиек көздей ұшқан түз қаңбағын,
Қызы мен қымызына қазағымның,
Жыр жаздым қызылындай күзгі алманың,
Қол созып ай, жұлдызға, көкті шарлап,
Мұхиттың айдынында жүзді арманым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ізгілік шуағы өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Ізгілік шуағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ізгілік шуағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ізгілік шуағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері