Селяви – Солай – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Селяви – Солай» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1378
Өмірді ешкім,
Айтпайды сірә оңай деп,
Қайда да ылғи
Оңынан келер орай жоқ,
Селяви дейді
Қиналған сәтте француз,
Сабырға келер,
Даланың ұлы солай деп!
Селяви – солай,
Селяви – солай,
Осылай,
Өмірдің жолы
Сан тарау, сынақ, досым-ай,
Француз, қазақ,
Ұйқаса қалған қалайша,
Селяви – солай,
Өмірлік ұғым қосып- ай!
Е, өмір солай,
Дегені қазақ – селяви,
Даланың сөзі
Даналық тұнған, тола күй,
Селяви – солай,
Қонақжай болса бұл қазақ,
Дүние шіркін,
Адамдар үшін қонақ үй!
Керемет Париж,
Көңілде өлең, тола күй,
Эйфельді бойлап,
Тұрғандай билеп қала би,
Сіздермен, достар,
Бір ғана сәтте кездесіп,
Қоштасып жатсақ,
Солай ғой, өмір,
Селяви!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері