Шыңға шыққан Шилдс – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Шыңға шыққан Шилдс» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1311
Бокстан екі дүркін олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Американың ардақты қызы Кларесса Шилдсқа.

Кларесса!
Тағдыр сені жастайыңнан сынаған,
Сонда сенің
Жұдырықтай жүрегіңе жылаған,
Селт етпеген тастай қатал дүние,
Енді, міне,
Жұдырығың жырлағанда тыңдаған!
Соққысынан
Сұмдықтардың сынбаған,
Батыр қызсың,
Өзін-өзі шыңдаған,
Өмір үшін
Төбелеске бел буып,
Үлгі болдың
Ұл мен қызға мыңдаған!
Кларесса!
Сәби едің,
Мына жарық дүниеге сүйінген,
Зәбір көріп,
Озбырлықтың зорлығына күйінген,
Жан адамға
Жаттығы жоқ жұдырықтай жүрегің,
Жылап жүріп,
Жұдырық боп түйілген!
Қатал тірлік
Заңдылығын қаршадай қыз түйді ішке,
Өзін өзі қиынға сап,
Нар көтерер қиды іске,
Енді бүгін
Қол соғып тұр бар әлем,
Шыңға шыққан
Кларесса Шилдске!
Сендей жандар
Күш береді елге тың,
Жігер, қайрат танытады
Көз сүйінген келбетің,
Замананың
Заңдылығын аңғарып,
Жұдырықпен
Жаулап алдың жер бетін!
Ерлігіңмен,
Аштың өмір жолыңды,
Тауға шықтың,
Табысың да толымды,
Кең даладан
Арнап өлең ұшырып,
Ақ пейілмен
Қыстым сенің қолыңды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыңға шыққан Шилдс өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Шыңға шыққан Шилдс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыңға шыққан Шилдс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыңға шыққан Шилдс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері