Белектің жасыл желегі

Бұл бетте «Белектің жасыл желегі» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1322
Жамылған жасыл желегін,
Белгілі мекен Белегім,
Белестен өткен берендер,
Белектен табар керегін,
Береді екен бір күнде,
Бір жылға жетер қорегін,
Тамашалайды, таңданып,
Тамырлы түрік терегін,
Бір көрген адам ұмытпас,
Белектің жасыл желегін,
Жағада жүзер, қиялмен,
Теңіздің сүзіп тереңін,
Көк теңіздің түбінен,
Өткеннің іздеп дерегін,
Сағымы бұлтпен ойнаған,
Сары даладай көремін,
Шалқыған байтақ Ақ теңіз,
Сағынып тағы келермін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белектің жасыл желегі өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Белектің жасыл желегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белектің жасыл желегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белектің жасыл желегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері