Будапешт – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Будапешт» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 887
Бірі – Буда, бірі – Пешт,
Тура қонған ұлы көш,
Екі жаға жайлаған,
Бір – біріне көңлі хош!
Тұңғиығын мөлдірдің,
Шын биігін сеңгірдің,
Қиындығын құйынның
Көргені көп венгрдің!
Тарихта бір ғажабым,
Ғұн тағдырлы мажарым,
Дунай бойлап дулатқан,
Дүниенің базарын!
Жағасында Дунайдың,
Жарығына күн, айдың,
Жарқын жүзбен қуанса,
Жазғаны да құдайдың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Будапешт өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Будапешт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Будапешт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Будапешт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері