Сүймесең сүйме
Бұл бетте «Сүймесең сүйме» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүйемін дедім өзіңді,
Жасырмай мөлдір сезімді,
Сөзімді керек қылмадың,
Салмадың тіпті көзіңді!
Қайырмасы:
Сүймесең сүйме, қайтейін,
Сүйетін адам табылар,
Жүрекке жүрек үйлесіп
Шын сүйген жанның бағы бар,
Ал енді сен де жер, көктен,
Менен де жақсы тауып ал,
Сүймесең сүйме қайтейін
Сүйетін адам табылар!
Көркіңе сенің сүйіндім,
Биледім бірге ән салып,
Сонда да көңіл бөлмедің,
Не жаздым саған соншалық!?
Қ-сы:
Өзіңмен түскен фотканы,
Соткада мәңгі сақтайын,
Ал енді сау бол... дегенмен
Тоқташы десең...тоқтайын!
Қ-сы:
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі