Қарағанды

Бұл бетте «Қарағанды» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3001
Ен даланың кең өлкесі кенге бай,
Жерге де бай, көлге де бай, жөнге бай,
Сен бар болсаң, әнім де бар, сәнім бар,
Сен бай болсаң, елім де бай, мен де бай!

Қайырмасы:

Қарағанды, Қарағанды, Қараған,
Көмірінен өмір оты тараған,
Көңілінен небір әнді тудырып,
Жүректерді жылытуға жараған,

Қалың арғын барлығына қуанып,
Қаймағым деп бағалаған бар адам,
Қазағымның қазынасы киелі,
Қарағанды, Қарағанды, Қараған !

Қазақылық, кісіліктің төрісің,
Кеңпейілсің, көз жетпейтін өрісің,
Сары аязды сабырменен көтерген,
Сарыарқаның қайыспайтын белісің!

Қайырмасы:

Қара нардай, қарағайдай ұлдарың,
Қарқаралы, ән самалы қыздарың,
Сенің арқаң айдарынан жел есіп,
Қазағымның қара орман боп тұрғаны!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағанды өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Қарағанды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағанды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарағанды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері