Айтыс (қыз сөзі)

Бұл бетте «Айтыс (қыз сөзі)» атты Гүлмекен Қасенбайқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

                  Айтыс (қыз сөзі)
                 (тапсырыспен жазылған)
Сәлем бердім ұстаздар,​ сыныптастар,
Жеті оқитын замандас, беу-құрдастар!
«Сөздің басы сәлем» - деп бабам айтқан,
Бармысыңдар қарсылас,​ құрбы-достар?!

..... қызы .....мін ....... тегі,
Алматы — туып-өскен құт мекенім!
Жетінші «ә»-нің намысын қорғайтұғын,
Тілінің тікені бар айтыскермін!

Келіпсің айтысуға ..... құрдас,
Жігітке ұяң мінез еш жараспас?!
Біржан сал,  Жамбыл,  Кенен,  Ринаттай,
Сөзбенен мықты болсаң жең қарсылас.

Айтыс бұл — бабалардан мұра болған,
Кез-келсе қазақ сөзді сұрап алған.
Қанымда қайнап тұрған отты өлең бар,
Абайла,  орақ тілмен турап алам!

Біздің сынып игерген сан өнерді
Жетекшіміз ....... апай өнегелі.
Әнші,​ күйші,​ спортшы, биші де бар,
Сегіз қырлы, бір сырлы кілең сері.

Мен «айтысам» дегелі тыным таппай,
Барлығы тілеп жатыр ақ тілеуді.
Тілекші достарымның ниетіне,
Жеңуге ниеттімін бас жүлдені!

Қысқаша айтар болсам 7 «ә» жайлы,
Сынып бұл жақсы оқитын,  жанға жайлы.
Ұстаздар қатты мақтап кетпесе де,
Талант көп өзгелерге ұқсамайтын.

Біздермен қатарласқан егіз сынып,
Әзілмен өлең айттым өзімсініп.
....... құрдасыма сөз берейін,
Сөз алсын ұзын бойлы,  сері жігіт!

Айтыстың тақырыбы — «Тәуелсіздік»,
Ел басынан күн өткен небір сұмдық.
Тарихи ақтаңдақтар артта қалып,
Қазағым жасай берсін ақ күн туып.

Десе де ұмытпаймыз батырларды,
Ел үшін отқа түскен,  қаһарманды.
Арғысы — Күлтегін мен Тоныкөктер,
Бергісі — Қайрат,  Ербол,  Ләззаттарды.

Ортада айтулы көп зиялылар,
Абай,  Ыбырай, Шоқан мен Шәкәрім бар.
Әлихан Бөкейхандай көшбасшыға,
Ере алған Ахмет,  Мағжан,  Міржақыптар.

Әлімхан атамыз бар шекараны,
Лениннен даулап алған ойы орамды.
Әрқайсы бес-алты тіл жетік білген,
Қазақтың қорқытқан ғой қаймақтары.

Ахмет атамыздың қазақ тілі,
Әдебиет танытқышы,  әліпбиі.
Ғасыр өтіп кетсе де бізге азық боп,
Мәңгіге мұра болған бабам сыйы!

Сол тілді жаргондармен былғап сөйлеп,
Арго,  сленг сөздерін жинап сөйлеп.
Калькалап,  қате аударып,  үзіп-жұлып,
Жүргендер «Ана тілді» қалай сүймек?!

Жаргонмен түсінікті болса егер,
Че там братва,  базар нет,  мен спикер.
Батлда бомбить етем, гамать етем,
Рили айтам,  емеспін токсик, хейтер!

Осымен доғарайын жыр шумағын,
Көп сөйлеп кетірмейін сөздің дәмін.
Жеті «ә» мен жетінші «а» аман болса,
Көрерсіз әлі талай айтыстарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтыс (қыз сөзі) өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбайқызы — осы өлеңнің авторы.

Айтыс (қыз сөзі) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтыс (қыз сөзі) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтыс (қыз сөзі) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер