Ерніңнің түгі тебіндеп – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Ерніңнің түгі тебіндеп» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 876
Ерніңнің түгі тебіндеп,
Шілдеге сары шарқ ұрар.
Қоңыр күздің кегін жеп,
Көктемге көңілім талпынар.
Атыспай назар назармен,
Тот басты оғын сабырдың.
Әзілді тежей азар мен,
Жылдарды сері сағындым.
«Ағалап» шыққан дірілден
Бастаңғы бір сыр ұғамын.
Аңдимын сыр түріңнен,
Қабарсаң – қақтай тұнамын.
Көзіңнен ұшқан ұшқыннан
Тұтанса нәзік жүрегім.
Ақылмен таптап жалма-жан,
Өшіремін де жүремін.
Зер салмайын десем де,
Зердесіз екен көз шіркін.
Мылқауша жұтып өтем бе,
Махаббаттың өз дертін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерніңнің түгі тебіндеп өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Ерніңнің түгі тебіндеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерніңнің түгі тебіндеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерніңнің түгі тебіндеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері