Кездеспей кеткен бір бейне
Бұл бетте «Кездеспей кеткен бір бейне» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғабит Мүсіреповтың ізімен
Іздедім сені,
Жер менен көктен,
Іздедім сені,
Күндерден өткен,
Аңсаймын сені
Келгенде көктем,
Аяулы бейне,
Кездеспей кеткен!
Қайырмасы:
Кездеспей кеткен,
Бір бейнем менің,
Іздеймін сені,
Көңілде сенім,
Жеткендей үнің,
Кей-кейде сенің,
Кездеспей кеткен
Бір бейнем менің!
Қайда екен, қайда,
Сол жұмбақ бейне,
Түсімде ғана,
Көремін кейде.
Күлімдеп күндей,
Өңімде, шіркін,
Күтпеген жерден,
Келер ме бір күн!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі