Өлең, жыр, ақындар

Астана – Көкшетау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 06.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1843
Көкшетау Ақмоламен егіз еді,
Жарасқан қос аққудай теңіздегі,
Сән түзеп Сарыарқада Астанамыз,
Тамырын тереңдетіп негіздеді.

Қайырмасы:

Көкшетау жердің көркемі,
Астана елдің өркені,
Еркін жел есіп Есілден,
Ертегі болсын ертеңі.

Ғаламда ғажап қала көп,
Айрықша бөлек тұрысы,
Астана, бірақ, біз үшін,
Астаналардың ұлысы!

Көкшетау жер шоқтығы, ән ордасы,
Аяулы Астананың жан жолдасы,
Жұпарын бұрқыратып қарағайдың,
Қол бұлғар Бурабайдан шыңның басы.

Қайырмасы:
Сан ұлтпен тауып сәнді жарасымын,
Танытқан дүниеге алаш ұлын,
Өзіңнің Астанаңды аялай біл,
Көзіңнің сақтағандай қарашығын!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана – Көкшетау өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Астана – Көкшетау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Астана – Көкшетау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана – Көкшетау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері