Тұрмыс басты – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Тұрмыс басты» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2090
Тамыр жайып,
Оң мен солды таныдық,
Ой мен тілді,
Күн шарыққа жаныдық.
Айдан алдық,
Орталанып, толуды,
Құс үйретті,
Ұшып қайта қонуды.
Самал берсе,
Желдей сырғып есуді,
Орман, тоғай
Тұрды үйретіп - өсуді.
Судай тұндық,
Лайланып кетсек те,
Айналдық - Біз,
Бүтінге де бөлшекке.
Ең бастысы,
Тәтті ұйқтап, ояндық,
Есе кетпей,
Қоян беріп, қой алдық.
Көңіл озды - бәрінен де көкдөнен
Жолымызда
Жатпады ағаш көлденең.
Шығысқа еріп,
Батыс бардық,
Үйрендік,
Тұрмыс, сана
Ата салттан - күйредік.
Құлап жатып,
Сүрінгенді мазақтап,
Жегіп жүрміз -
Ат пен Итті қосқтап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрмыс басты өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Тұрмыс басты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрмыс басты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрмыс басты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері