Арман құсым қанатын керген еді
Бұл бетте «Арман құсым қанатын керген еді» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арман құсым қанатын керген еді,
Жаз айының жарқырап шат күндері.
Жұпар шашып маңайға тербеледі
Ай астында Арыстың ақ гүлдері.
Жөңкіледі аспанда қалқыма бұлт,
Ақ мамықты қопсытып күрегімен.
Арыс өзен барады шалқып ағып,
Тіршілікке ынтызар жүрегімен.
Ай астында ақ гүлдер тербеледі.
Көзін алмай өтеді бұған халық.
Тербетіліп барды жер көлемі,
Мұнарасы жастықтың тұманданып.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі