Жолда

Бұл бетте «Жолда» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1865
Көшеде көп көлік,
Байқа бәрін көріп,
Өтем деме жолдан
Бөгелместен желіп.
Қызыл жанса – тоқта,
Түспе тура отқа,
Сары жанса, саспа,
Сабырыңды сақта.
Жүгір жасыл жанса,
Жұртпен бірге барша,
Жасыл жанбай, жүрме,
Асықсаң да қанша!
Өткен кезде жолдан,
Қара әуелі солға,
Ортасына жетіп,
Бір қарап ал оңға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолда өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Жолда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері