Қырдағы ойын – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қырдағы ойын» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1529
Көктем келіп, қырда,
Құлпырады шалғын,
Қозы, лақпен бірге,
Ойнап, асыр салдым.
Секеңдейді лағым,
Секіреді добым,
Кекеңдейді бұзау,
Еркелейді қозым.
Лақтырдым кеп допты,
Қуамын деп лақты,
Бұзау орғып кетіп,
Қозыны кеп қақты.
Қозы қашты зулап,
Бұзау шапты тулап,
Құлынға тез мініп,
Қиқу салдым шулап.
Қуып жетіп бәрін,
Қайырады құлын,
Дүрілдеттік сөйтіп,
Біз ауылдың қырын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырдағы ойын өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Қырдағы ойын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырдағы ойын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырдағы ойын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері